Еңбектің көзін тапқан…
Денисов ауданында да бағдарламаның шапағатын көріп, бүгінде өз істерін дөңгелентіп жатқандар да аз емес. Бағдарламаның арқасында шағын несие алып, өз кәсібін кеңейтіп отырғандардың бірі – Людмила Шевченко.
Кәсібін кеңейтуге қолы қысқа болып жүргенде ол кісі "Жұмыспен қамтудың – 2020" бағдарламасы қабылданғанда қатты қуанғандығын да жасырмайды. – Мен биыл осы бағдарламаның арқасында шағын несиеге қол жеткізіп, бүгінде өз кәсібімді кеңейтуге мүмкіндік алдым. Өте төмен пайызбен 1 млн. 250 мың теңге көлемінде несие алып, оған өзімнің шаштаразыма қажетті жиһаздар мен құралдарды сатып алдым. Бұрын бұл ғимарат өте ескі болатын, ескі жиһаздар да көзге оғаш көрінетін. Өзімнің жеке кәсібімді ашып, аз да болса табыс тауып отырғаныма біраз болды. Әрине, замауни үлгідегі шаштараз болмаса да, келген клиенттерге қолайлы жағдай жасалып жатса, келуші-лердің де саны артады ғой. Қазір құдайға шүкір, жөндеу жүргізіп, жаңа жабдықтар алғаннан бері клинттердің де саны арта бастады. Ер адамдар мен әйелдердің шашын қиып, түрлі шаш үлгілерін де жасаймын. Көрсетілетін қызмет ақыға да өте қымбат алмауға тырысамын, өйткені аудан мен қаланы салыстыруға болмайды ғой. Жалпы, аудан бойынша менен бөлек осындай бес-алты шаштараз бар. Сондықтан, бүгінгідей заманда тек бәсекеге қабілетті болу керек. Өмірде мақсатсыз адам болмайды ғой. Мен де болашақта осы кәсібімді әлі де кеңейтіп, жеке сұлулық салонын ашсам деп армандаймын, – дейді бағдарлама қатысушысы Людмила Шевченко.