Мобильді карта іске қосылды
"Жас Отан" ЖҚ Қостанай облыстық филиалының белсенділері "Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі картасы" мобильді қосымшасын таныстырды. Бұл бастама "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында 2014 жылғы қараша айында әзірленген болатын.

– Әлеуметтік нысандардың мүгедектер үшін қолжетімді немесе қолжетімсіз екендігіне куә болсаңыз, суретке түсіріп, картаға белгілейсіз. Жеке пікіріңізді жазуға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта картада 8 бағыттағы нысан белгіленген. Мәселен, денсаулық сақтау саласы. Оған дәріханалар, емханалар, ауруханалар және шипажайлар жатады, – деді "Жас Отан" ЖҚ Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Тулетаев.
Мобильді қосымша іске қо-сылғалы бері Қостанай облысы бойынша 100-ден астам қолжетімді нысан картаға түскен. Аталған жұмыс "Жас Отан" ЖҚ облыстық филиалының жанындағы еріктілер мектебінің мүшелерінің көмегімен жүзеге асуда.
Қымбат
ДОСЖАНОВА