Бүгінгі заман еңбек еткеннің ебіне ғана көнеді

Денисов ауданында жұмыссыздықпен күрес оңтайлы жолға қойылған Халықты жұмыспен қамту мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруда күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып қала береді. Осы мақсатта қабылданған "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасы да бірінші кезекте жұмыссыздарға, өз бетінше жұмыспен айналысатындар мен аз қамтылған азаматтарға арналған. Бүгінде аталмыш бағдарлама бойынша Денисов ауданында да нақты жұмыстар жүзеге асырылуда.
DSC05709
Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Анатолий Салафетовтың айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты – жұмыспен қамтуды тұрақты да нәтижелі қолдау жолымен халықтың табысын арттыру, жұ-мыссыз және аз қамтылған халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ауданда жұ-мыссыздар мен аз қамтылған азаматтарды оқыту және жұмыс-қа тұрғызуға жәрдемдесу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр екен. Мәселен, әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 15 адам тартылуы тиіс болса, жыл басынан бері отыз алты адам жұмыспен қамтылып үлгерген. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2 млн. 945 мың теңге бөлінген. Ал, он айлық курстарда білім алушылар үшін ауданға 1 млн. 682 мың теңге бөлініпті, енді бірінші қыркүйектен бастап 9 адам электргаздәнеркелеуші, көлік жөндей-тін слесарь, бухгалтер, нан пісі-руші, шаштаразшы, аспазшы сияқты мамандықтарға білім алатын болады. Сондай-ақ, үш ай-лық қайта даярлау курстарынан бес адам оқытылған көрінеді. – Бағдарламаның ерекшелігі, қатысушылар кәсіпкерлік білік-тілік тұрғысында не болмаса техникалық мамандықтар бойынша оқу курстарына қатыса алады. Оның арты міндетті түрде жұмыспен қамтылатыны тағы бар. Жұмыс демекші, кәсіптік білім алып, мекемелерге жұмысқа орналасқандардың дені тұрақты жұмыспен қамтылуда. Осы тұрғыда жұмысшыларды тұрақты жұмыспен қамтып отырған "Фрунзенское" , "Агрофирма "Олимп", "АИФ" сияқты серіктестіктер мен "Сарин Серікбай Нағашыбайұлы" сияқты шаруа қожалықтарына айтар алғысымыз шексіз. Айта кетер жәйт, осы бағдарламаның арқасында биыл жұмыссыздықты 0,2 пайыз-ға төмендетуге қол жеткізіп отырмыз, – дейді А.Салафетов. "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасының екінші бағытында мемлекеттік қолдаудың басты құралы шағын несиелеу арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту көзделген, бұл бағытта да ауданда тиісті жұмыстар атқарылуда. Биыл Денисов ауданы бойынша 15 адам шағын несиеге қол жеткізіп, оған 37 млн. 600 мың теңге жұмсалған. Олардың дені несиені мал шаруашылығын дамытуға, ендібірі монша, шаштараз, наубайхана, шатхана ашуға алған көрінеді. Дегенмен, бағдарламаға қатысушылардың арасында сауда-саттық саласын дамытуға да ұсыныс білдіретіндер кездеседі екен. – Мемлекет тарапынан арзан пайызбен берілетін шағын несиені бір кәсіп қылу үшін емес, той-томалаққа, не сауда саттық үшін, не болмаса үй сатып алу үшін, болмаса төмен пайызбен болған соң оңды-солды жұмсау үшін де алғысы келетіндер кездеседі. Бірақ бағдарлама бойынша ұсынылатын бұл несие бұрын алған несиелерді өтеуге, не саудаға, жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді. Несиенің тиімділігі төлеу мерзімі 5 жылға дейін, сондай-ақ, кепілге қоятын мүлік талапқа сай болса 3 млн. теңгеге дейін шағын несиеге қол жеткізуге болады. Бұл әрине ауылдағы ағайынның бір кәсіп ашуына, не бар кәсібін әріқарай кеңейтуіне арналған мол мүмкіндік десек те болады. Өйткені, қазір ешқандай екінші деңгейлі банк несиені өте төмен пайызбен әрі бөліп төлеуге бермейді. Сондықтан, тұрғындар аталған бағдарламаның тиімділігін дер кезінде пайдаланып қалса игі еді, -дейді орталық директоры А.Салафетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓