Жедел бекет жұмысы

Облыстың мемлекеттік бас санитарының шешімімен өңірде 1 мамырға дейін карантин режимі енгізілді. Алайда тәртіп сақшыларының қала ішіндегі жұмыстары азаймай тұр. Соған байланысты Қостанайда бірнеше жедел бекет құрылды. Алғашқы екі күн бойы полицейлер тұрғындарға карантин ережесін бұзбау туралы ескерту, түсіндіру жұмыстарын атқарады. Тәртіп бұзғандар үшінші күннен бастап айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартыла бастайды.
IMG_7396
IMG_7388
Аймаққа төтенше жағдай режімі енгізілгелі 408 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 40 тәртіп бұзушы қамауға алынған. Бұл туралы жергілікті полиция басқармасының бастығы Құрмет Мәжікенов айтты. Патруль жасақтары көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүріп-тұруына рұқсат етілген мәліметтер базасы қондырылған планшеттермен қамтамасыз етілді. Полиция саябаққа барушыларға ерекше тоқталып, шектеу тәртібіне сай, 1 мамырға дейін саябаққа баруға тыйым салынғанын қадап ескертті.  Алайда жұмыс орнына баруға шектеу жоқ.
IMG_7441
IMG_7436
IMG_7451
– Жұмысқа жетіп алу үшін азаматтардың қолында жұмыс орнынан берілген анықтама болуы керек. Патруль тоқтатқан жағдайда, азамат нақты қайда бара жатқанын анықтап айтып, оның қажеттілігін негіздеуі шарт. Сондай-ақ, жұмысын тоқтатпайтын кәсіпорындар жергілікті әкімдіктердің кәсіпкерлікті қолдау бөлімдеріне өтініш жазып, көлік қозғалысына рұқсат ала алады. Әкімдік бұл мәліметті полицияға жібереді, – деді патрульдік полиция батальонының инспекторы Досан Тастайбаев.
IMG_7367
IMG_7402
IMG_7361

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓