Аймақ басшысы Рудныйға барды
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Рудный қаласына барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.Өңір басшысы қаланың желіішілік, магистральдық жылу желілері мен жылу сорғы станцияларын қайта жаңарту барысын тексерді. Жылу желілерін қайта құруға 4, 289 млрд теңге бөлінген. Бұдан кейін облыс әкімі №18 жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты. Жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталды, жөндеу жұмыстарының құны 714,1 млн теңгені құрайды.Осыдан соң аймақ басшысы Восточная көшесіндегі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Рудный қаласында 6 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов "AYAT FITNESS PREMIUM" спорт кешенінің ашылуына қатысты. Кешенде фитнес жаттығу залы, жекпе-жек залы, массаж кабинеті, сұлулық салоны, сауна, минимаркет, кафе бар. Жеке инвестициялар есебінен салынған құрылыстың жалпы құны – 700 млн теңге. Сапар қорытындысында Архимед Мұхамбетов қала әкімі Қ.Испергеновке қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту тұрғысында жұмысты күшейтуді тапсырды.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев