Әңгіме- Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Н. Садуақасовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде негізінен облыстық білім басқармасының жетекшісі Ә. Төртқараеваның үстіміздегі жылғы өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мен ұйымдастыру шарасы, мектеп бітірушілер үшін қолайлы жағдайдың жасалуы, 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға даярлығы туралы баяндамасы тыңдалды.
Мәжілісте ең алдымен облыс басшысы жиналғандарды еліміздегі өткізілген үлкен саяси науқанның яғни президенттікке үміткерлер арасында өткен сайлаудың аяқталуымен құттықтады. Халық өз таңдауын жасап, Елбасымызға сенім артып, қолдау білдіргендіктерін көрсетіп белсенділікпен сайлауға біркісідей келіп, дауыс бергенін, Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауда жеңгені туралы айтып өтті. Содан кейін сөз алған облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова президенттікке үміткерлер арасында өткен сайлаудың қорытындысы жөнінде жиналғандарға қысқаша мәлімет беріп өтті.e87b29ab1477476324b0ec81b5af5ddc_XL
Ал, енді үстіміздегі жылғы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге келер болсақ, облыстық білім басқармасының жетекшісі Ә. Төртқараеваның айтуынша, биыл 11-12 сыныптарды төрт мыңға жуық оқушы бітіреді. Алдын ала қорытынды бойынша 11-12 сынып оқушыларының 43,5 пайызы оқуын «4» пен «5» аяқтайды. 2015 жылғы ҰБТ осымен республикамызда он бес рет өтіп отыр екен. Белгіленген жоспар бойынша облысымызда ҰБТ-ны өткізу мен ұйымдастыру бойынша құрылған сараптамалық-консультациялық кеңес өткен жылдың қыркүйегінен бері бірнеше семинар-практикум, көшпелі отырыс, онлайн-семинар өткізді. Сол секілді оқу жылы бойы оқушыларды ҰБТ тапсыруға бейімдеу мақсатында тестілеу пунктерінде сынақ тестері сегіз рет ұйымдастырылды. Соңғы сынақ тестілеуіне 4356 бітіруші оқушының 2801-і қатысты. сынақ барысында тапсырушылардың алған баллдарының да көрсеткіші өсті. Биылғы оқу жылында «Алтын белгіге» үміткерлердің саны 124. Өткен жылы осы белгіге үміткер болған 113-тің 49-ы өз білімдерін дәлелдеді. ҰБТ әдеттегідей 2015 жылғы 1 мен 15 маусым аралығында өтеді. ҰБТ ережесінде өзгерістер жоқ, оқушылар бес пәннен тест тапсырады, оның біреуі-таңдау пәні, қалғаны міндетті пәндер. Соңғы үш жыл бойы халықаралық пән олимпиадасы мен ғылыми жобалардың жеңімпазы атанған оқушылар ҰБТ тапсырудан босатылады. Атап айтқанда, облысымызда жүлдегер 21 оқушы тесті тапсырмайды. ҰБТ-гі шектік балл-50, ал, Ұлттық жоғары оқу орындарындағы шектік балл-70. Облысымызда оқушылар тесті тапсыратын 10 тестілеу пункті бар. Білім басқармасы жетекшісінің айтуынша, тестілеу пунктерге кейбір аудандар мен елдімекендерден оқушылар тест тапсыру үшін алдын ала бір күн бұрын автобуспен тасымалданып әкелінеді. Оқушылардың тестілеуді тапсыруларына барлық жағдай жсалынатын болады. Сонымен қатар тестілеу пунктерінде әдеттегідей бейнебақылау орнатылды, металліздегіш, ұялы телефон сигналын басу құралдары қолданылады.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓