Баласының қазасына анасы кінәлі

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қарабалық аудандық соты 24 жастағы Татьяна Русолға қатысты сот үкімін шығарды. Ол ҚР ҚК-нің 104 бабы 1 бөлігі бойынша (абайсызда қазаға ұшырату) айыпты деп танылды. Іс материалдары бойынша, Т.Русол сал аурына шалдығып, мүгедек болған 2009 жылы туған  баланың анасы. Адам есімді балаға үнемі қамқорлық пен күтушілік қажет болатын. Алайда, екі баласы бар Татьяна мүгедек баланың күтіміне назар аудармаған, ал кіші баласы әкесімен тұрған. Сал ауруы салдарынан Адам 6 жасқа келсе де өз еркімен тұруға, отыруға, тамақтануға икемі болмаған. Сондықтан да, үнемі күтімді қажет еткен.бала
(сурет qostanay.tv сайтынан алынды)
Ал, анасы жұмыс істемеген, сондай-ақ тіркеуі болмағандықтан мүгедек балаға жәрдемақы да алмаған.
2015 жылдың 31 шілдесінде бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Ол кезде алты жасар баланың салмағы 8 келі болған. Куәгерлер айғағына сәйкес, баланы алып кету кезінде анасы масаң күйде болып, жанжал шығарған. Адам 2015 жылдың 14  қазанында ауруханада қаза тапқан. Сот отырысы барысында науқас баланың жағдайы тиісті тамақтану мен күтімнің болмауы салдарынан асқынғаны анықталды.
Сот үкімімен Т.Росулға 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓