Айдалада адасып кеткен

Қамысты ауданының полицейлері далада бағыттарынан жаңылып, адасып кеткен екі ер адамды іздеп тапты. Қамысты полицейлері далада адасып қалған екі адамды тапты. Бұл туралы ПД "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазылды.
21 желтоқсан күні сағат 17.20 шамасында Қамысты ауданының "102 " пультіне ер адам қоңырау шалады. Ол жолдасымен бірге далада адасып қалғанын хабарлаған. Іле оның телефонының қуаты таусылып, байланыс үзіліп кетіпті.
Кейін белгілі болғандай, 38 және 49 жастағы Жітіқара қаласының екі тұрғыны Қамысты ауданы Орқаш ауылынан Жітіқараға жаяу  шығып, бағыттарынан жаңылысып қалған. Жол жиегімен жүріп отырған олар жол-жөнекей көлік кездесер деп үміттеніпті. Алайда, ойлары жүзеге аспағасын, олар жолды қысқарту үшін даламен жүруге шешім қабылдаған. Жоғалған адамдарды іздеуге аудандық полицияның жеке құрамы және ТЖ қызметкерлері жұмылдырылды. Іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер Орқаш ауылынан 30 шақырым жерде әбден тоңып қалған ер адамдарды тауыпты.
"Жоғалған адамдар 22 желтоқсанда Бөлек көлінің маңынан түнгі сағат 01.00 шамасында табылды. Олар қатты жаурап қалған. Біз оларға алғашқы көмек көрсеттік. Екеуін полиция бөліміне жеткізіп, жылытып, тамақтандырдық, – дейді Қамысты ауданы ПБ бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Мусин.
Полиция жоғалған адамдардың ауыр зардапқа ұшырамай тұрып, уақытында табылғанын айтып отыр. Дәрігерлер де олардың денесі үсік шалудан аман екеніне көз жеткізді.
Бейнетке тап болып, есен-сау табылған Николай Ляликов пен Вадим Мамадалиев іздеуге қатысқан мамандардың барлығына алғыстарын білдірді

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓