DE JURE, DE FACTO немесе оқырман хатына жауап
Жақында редакцияға Динара Ержігіт есімді ұстаз хат жолдады. «Жеңіл буыңызбен!», «Сау болыңыз!» деген тіркестер күнделікті тұрмысқа сіңіп кеткен. Мысал үшін, сабақта отырған оқушыларымыздың бірі түшкіре қалса, бірден «Сау бол!» деп шығады барлығы. Мен Денисов ауданына сонау Шымкенттен «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы келдім. Біздің жақта бұл сөздерді пайдаланбайды. Бұл қаншалықты дұрыс? Қостанайлық тұрғындар қолданып жүр ме?
Ислам дінінде түшкіру әдеп-ахлаққа (көңіл мен рухтың жағдайларын және істерін зерттейтін ілім) жатады. Ислами әдептілік нормалары адам баласының өмір сүруіне, әлеуметтік жағдайына, жақсы қасиеттерді қалыптастыруына үйретеді. Ұстаздың сұрағына жауап іздеп облыстық мешітке хабарластық.
Түшкіру екі жағдайда пайда болады. Біріншісі – ауырған кезде, ал екінші жағдайға келетін болсақ, адам жақсы нәрсе айтып жатқанда қасына періште келеді, ол соның шаңынан түшкіреді екен. Қазір күнделікті тұрмыста «Сау болыңыз!» деп қолданылып жүр. Түшкірген кезде «Әлхамдулиллах» деп айту керек, мұны естіген мұсылман «Йәрхамукәллаһ» деп жауап береді. Үш реттен артық түшкірген адам суықтап қалды деген сөз (Әбу Дауд). Ал қатты дауыспен түшкіру жақсы емес, сондықтан этика-эстетиканы сақтау абзал.
Менің ойымша, адам түшкіргенде айтылатын тілек орыстардан жұқты. Біз “Жәрахмалла” дейміз. Бірақ, солтүстіктің кейбір қазағы осы “Жәрахмалланы” да ұмытып барады. Керісінше, адам түшкірсе орыстардан енген “Будьте здоровы” дейтіннің қазақшасын “Сау болыңыз!” деп айта салады. Бір адам өзіне таныс орыс түшкіріп қалғанда “Будьте здоровы” деудің орнына “До свидания!” депті. Әлгі, орысшадан “Сау болыңыз” деп енген тіркестің орысшаға аударылған түрі болса керек. Қайтеміз, біздің басымыздан осындай да жағдайлар өтіп жатыр.
«Жеңіл буыңызбен!» деп айту Ресейден енген дейді білетіндер. Ғаламторды ақтарсақ, орыс жерінде монша жазу-сызудан бұрын пайда болған. Көрермен қауым жыл сайын Жаңа жыл кешінде көгілдір экраннан Эльдар Рязановтың "Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" лирикалық комедиясын тамашалау әдетке айналдырды. Жуынып-шайынған адамды құттықтау туралы тіркесті Қанат Тәсібеков «Ситуативный казахский» атты кітабында қолданады. Аты аталған кітапта автор «Жеңіл буыңызбен!» тіркесі халық тұрмысында бар және калька (көшірме, өзге тілдегі сөз тіркесі) деп есептейді.
Сонымен, бұл – жай ғана мысалдар. Осы тіркесті қолданбасақ, қазақ тілі сөздік қорының кемімесі анық. Қалғаны оқырманның еншісінде.
Моншадан немесе душтан шыққан адамға "Жеңіл буыңызбен!" деп айтатын ағайындар осы мағынасыз дәстүрдің түп-тарихын білмеуі де мүмкін. Негізі, ерсі естіледі. Мен бұл тіркесті пайдаланбаймын. Оны айтқаннан кейін, жоғарыдағы «будың» жеңілдемейтіні анық. Тағы бір қосарым, "Жеңіл буыңызбен!" тура аударыла салған болуы керек. Оның орнына «Жеңілдеуіңізбен!» деген ақылға сыятын секілді.
Ата-анам да, мен де сирек қолданамыз. Ресейде дәстүрге айналып кеткен. Жыл сайын Орынбордағы туыстарыма қонаққа барамын. Олардың айтуынша, бұрындары суға жуыну бойдағы күнәлардан арылтады деген жорамал қалыптасқан. Нағыз ресейлік монша екі сөреден тұрған-мыс. Ыстық бу тиісінше жоғарғы қабатта болады. Оған бірнеше сағат бойы шыдаған адамдарға «Жеңіл буыңызбен!» деп айтатын болыпты. Мен естіген тарих – осындай.
Моншадан шыққаннан соң саған "Жеңіл буыңызбен!" деп айтса жақсы емес пе?! Шаршап шыққан адамға жылы сезім ұялатады. Мысалы, кей досыма осы тіркесті айтуды ұмытып кетсем, қысылғандай боламын. Біздің санамызға кіріп кеткен және ары қарай айта беремін деп ойлаймын.
Сауалнаманы жүргізген – Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Әжелер түшкіргенде жәрәкімалла дейтін(айтылуы солай жазылуын білмедім). Мекніңше осы дұрыс. Бұл не мағына білдіреді-қариялар біледі ғой, білмесе неге солай айтады?Ал моншадан шыққанда ештеңе айтудың керегі жоқ монша қалай екен дейді әдетте. Сосын кісі не жақсы не ыстық емес екенін айтады.Сосын шай ішеді. Жеңілдеуіңмен деп балалар әжетханадан шыққан балаға ойнап айтатын…Жеңілдеді ме, ауырлады ма(ыстық жақпаса), одан да сумен тазарудың растығы жайлы бір ауыз айтып берсе тазарған адам риза болып қалар еді.Сосын немене орыс айтты деп санаға сіңіреді-олар құдай ма еді?Бәрі қазақтың ынжықтығында жатыр.Тегінде өз дәстүрін жатаса жөні басқа.
менің ойым қалай айтса да адамға жақсы көңілмен айт
Солай де! осы қазақта ғана бар бірнарсеге жабсушылық, сабақ берип журетин біздің ариптестеримиз калай уйретуи керек. Барин ата аналар уйрету керек. Сау болыныз ба? онда солай калсын!
Сызбен келысем. Бырактан, неге женыл бумен деп айтпаймыз? жаксы гой. уйренып кеткенбыз. Казакта салт емес санага синген женеди дейди. Сондықтан факт бойынша калсын.
DE JURE, DE FACTO -ның қандай қатысы бар екенін түсіне алмай отырмын!!!
Жанар,сіздің де біздің де сөзіміз ештеңені өзгерте алмайды. Уақыт төреші. Бұл -жеке пікір.Әріптес те, ата-ана да пенде. Ал пенделер қателесе алады.Ал сіз, меніңше, ұлғайған соң әжелер сөзінен ұялмайтын боласыз. Мен ешкімге былай де деуден аулақпын. Өзім түшкіргенде біреу айтса рахмет деймін, айтпаса ренжімеймін.Өзім ешкімге айтпаймын. Сыйластықтық пен құрметке түшкіру арқылы сызат түспейді, сызат түссе әрекеттен, сөзден түсуі мүмкін,сеніңіз.Ауырмаңыз, дәлірегі аман-сау жүріңіз!