“Мамандығым өзіме ұнайды”
Ауданда жоспар бойынша 15 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыспен қамтылуы тиіс болса, бүгінде жыл басынан бері 6 адам аудандағы мекемелерде еңбек етуде.
Бұл мақсатқа 2 млн. 876 мың теңге бөлінген. Мына суреттегі Анжела Раманқұлова аудандағы кәсіптік-техникалық колледжде үш жыл бойы білім алып, өткен жылы аспазшы мамандығын алып шыққан болатын. Жұмыссыз жүрген жас маман биылғы жылдың мамыр айында аталмыш бағдарламаның арқасында жұмыс тауып, қазір "Солнечный" демалыс лагерінде аспазшының көмекшісі болып еңбек етуде. – Осы бағдарламаның арқасында алғашқы еңбек жолымды бастап кеттім. Еңбек етемін деген жастарға әрдайым жол ашық екеніне куә болдым. Мамандығым өзіме ұнайды, жалақыма да көңілім толады, – дейді жас маман Анжела.