Еңбек демалысына шықты
Аманкелді аудандық Ішкі істер бөлімінде бірнеше жыл абыройлы әрі жемісті қызмет атқарып, зейнеткерлік жасына жеткен бірнеше азаматтарды еңбек демалысына шығарып салу рәсімі өтті. Олар: Нұрқанов Сапабек Қашқынбайұлы, Какимжанов Даурен Сабырұлы, Садуақасов Шоқан Қуанышбайұлы. Аудандық Ішкі істер бөлімінің басшысы М.Сыздықов қызметкерлерге адал еңбектері үшін алғысын білдіріп, ұжым атынан естелік сыйлықтар тапсырды.