Қостанайда есінен айырылған әйел туысқандарын іздейді

31-желтоқсан күні көшеде кетіп бара жатқан адамдар белгісіз әйелдің оғаш мінез-құлқына назар аударып, жедел жәрдем шақырған.o0zVAlohFzo-1
Әйел құлап, басын соғып алған болуы керек. Өзінің кім екенін айта алмайды. Оның денсаулығын тексергенде еш кінәрат табылмаған. Дені сау болып шыққандықтан дәрігерлер ауруханадан шығаруға дайын, деп хабарлайды alau.kz
Бірақ әйелдің баратын жері жоқ. Аты-жөнін білмейтін ол екі апта бойы ауруханада жатыр. Осы уақыт бойы  оған психологтар көмектесуде. Әйел өзінің қайдан келгені есінде жоқ екенін, үнемі басы ауыратынын алға тартады. Қалалық ауруханаға таңылған ол біреу болмаса, біреу танып қала ма деп үміттенеді. Оның Лисаков қаласында тұрғаны ғана белгілі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓