Цех өртенді
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 24 мамыр күні Әулиекөл ауданындағы Кондратьев орман шаруашылығы аумағында орманда өрт шықты. Өртті орманшылар өз күштерімен бір сағаттан соң өшірді. Өрт 0,01 гектар жерді қамтыды.
26 мамыр күні Таран ауданының орталығында Калинин көшесінде орналасқан цех отқа оранды. 1951 жылы туған ер адам иісті газға уланып, ауыр халде ауруханаға жет-кізілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.