Бұғы бар бізде, көрдің ба?

Қостанайлық балалар үшін қолға үйретілген солтүстік бұғысы "Яшка" жаңа жылдық  сый болды. Бұғыны қызық көріп айналсоқтап жүрген балалардың қуаныштарында шек жоқ.IMG_9565 Бұғыға  жегілген күйме тәріздес шанамен серуендеудің өзі бір қызық емес пе? Ал қыстың осынау қызығын ұйымдастырған жас кәсіпкер Рифкат Кудасов. dNK43JEYp7AIMG_9567
Ханты-Мансиден әкелінген бұғы Қостанайда өзін жақсы сезінеді. Рифкат Еркеновичтің айтуынша ол  жем, шөп, сұлыны азық етеді. Сонымен қатар нанды, көкөніс пен  жемісті ұнатады. Бұдан бірнеше күн бұрын бұғы мүйізін тастапты. Мүйізсіз бұғы кәдімгі бұзауға ұқсайды екен.IMG_9599 Балаларға Яшканың бұл кейпі ұнамаған секілді, дегенмен бұғының мүйізі көктемде қайта өсіп шығатынын біліп, көңілдері орнына түскендей…Gqh7qwm6U-g
 
Суретті түсірген  Б.Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓