Сәбіз бен алма салаты
Көктем мезгілінде ағзаға пайдалы тағамдармен жиі тамақтануды әдетке айналдырған жөн. Ағзада-ғы қан қысымы мен иммунитетті көтеретін сәбіз бен алмадан дайындалатын салатты дастарқаннан үзбей, отбасыңа тарту ет. Өте жеңіл әрі дәмді.
Құрамы: 1 алма; мейіз; жаңғақ; 3 сәбіз; 1 шәй қасық шекер; қаймақ.
Дайындау тәсілі: Сәбізді аршып, ірі үккіштен шығарамыз, мейізді жуып, 10 минуттық қайнаған суға салып, судан шығарамыз. Алманы жуып, оны да ірі үккіштен шы-ғарып, жаңғақ пен шекерді қосып, бәрін бірге қаймақпен араластырамыз.
Ас дәмді болсын!