Заңсыз пайда іздеген

Қостанай аудандық соты Затобол кентінде тұратын В. есімді азаматқа қатысты үкім шығарды.
2015 жылы 30-қазанда полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Затоболдағы дүкендердің бірінен, қолдан жасалған есептік-бақылау маркалары жапсырылған әр түрлі көлемдегі ішімдік өнімдері тәркіленді. Оны ҚР азаматы В. сатып келгені анықталды.54f435c62d02e_Vodka_vitrina
Сотқа дейінгі істі тергеу барысында Қостанай аудандық прокуроры процессуалдық келісім және кінәні мойындау туралы мәміле тәртібін бекітті. Тараптардың құқықтары, сот келісімінің құқықтық нәтижелері түсіндірілгеннен кейін, сондай-ақ, тағылған айыптың мәні мен көлемі қорғаушы қатыстырыла отырып, күдікті өз айыбын ерікті түрде мойындауға негізделген соң келісім жасалды.
Жалған акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу (сату) мақсатында жасау немесе иемдену, жеке мүддеге пайдалану (өткізу) (ҚР Қылмыстық кодексі, 233-бап) бойынша, процессуалдық келісімге сай, шешім шығарылды.
Қостанай аудандық сотының үкімімен азамат В. 500 АЕК көлемінде, яғни 1 060 500  теңге айыппұл төлемек. Есептік-бақылау маркалары қолдан жапсырылған 371 ішімдік бөтелкесі жойылды.
Сот шешімі заң күшіне енген жоқ.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓