Омарташыны опат еткен…
Рудный қаласының ІІБ мәліметтерінше, 5 қарашада түс мезгілі кезінде Шевченко көшесіндегі №75 үйдің жатын бөлмесінен еркектің мәйіті табылды.
Ол 74 жастағы үй егесі Анатолий Дьячков болып шықты. Денесіндегі айқын іздерге қарап, қарияның кісі қолынан өлгені анықталды.
Полицейлер халық арасында сұрау жүргізіп жатыр. Мақсат – қылмыс туралы қандай да бір ілік табу, оның өмірінің соңында байланысқа түскен адамдарды анықтау. Көршілері мен таныстарының сөзінше, Анатолий Дьячков көп жылдар бойы омарташы болған және өзінің кәсібінен нәсіп теріп отырған.
Қандай да бір ақпараты бар адамдарға тәртіп сақшылары мына байланыс телефондарына қоңырау шалуды өтінеді:
8 (71431) 3- 34- 44, 3 -30- 20, 8 775 411 11 25, 8 777 914 55 22 немесе 102.
Аттың жасырын қалатынына және сыйақы төлеуге кепілдік беріледі.