Жол көлік оқиғасынан 2 адам қайтыс болды
Қостанай – Есіл республикалық тас жолында жол көлік оқиғасы тіркелді. ГАЗ-31105 автокөлігі Ланд-крузер 200 темір тұлпарымен соқтығысып қалған. Апат салдарынан, "ГАЗ" көлігінің ішіндегі 2 адам көз жұмды. Ал жол талғамайтын көліктің 68 жастағы жүргізушісі дін аман. Жол көлік оқиғасының себептері анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.