Әріптесіміз – Одаққа мүше

Жуырда  облыстағы  қазақ көсемсөзінің ақтангері, журналист – қаламгер, қалалық "Наш Костанай" газетінің редакторы Оразалы  Жақсанов Әлем Халықтары Жазушылар одағының мүшесі болып қабылданды.46508849-514
Жиырмадан астам кітаптың авторы, танымал жерлесіміздің туындылары  елімізге белгілі бірқатар жинақтарға еніп, журналдар мен басылымдарда жарық көрді.
Орекең –  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Құрметті журналисі. Ол Бейімбет Майлин атындағы, облыстық меценаттар клубының "Қазына" сыйлығының лауреаты ретінде де белгілі. Жас журналистердің тәлімгері.
Қара шаңырағымыз "Қостанай таңында" қызмет істеп, үлгі-өнеге алған әріптесімізді  құттықтай отырып,  жаңа жылда тың  ізденістермен қуантады деген үміттеміз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓