Ержанның еңбекке деген құлшынысы ерекше

Үшінші топтағы мүгедек Ержан Асылбеков те аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы білім алып, бүгінде аталған мекемеде бухгалтер болып еңбек етуде.
DSC05677
Туғанынан бір аяғын сылтып басатын оның осы денсаулығына қарамастан білім алып, еңбек етіп жүргендігі, өмірге деген ерекше құлшынысы өзгелерге үлгі боларлықтай. – Ең бастысы адамға жұмыс қосымша күш береді. Екі қолды бос қойып қарап отырсаң өзіңді қоғамға масыл сезінесің. Ал еңбек етіп, қолыңнан келетін дүниемен шұғылдансаң мүгедек екеніңді де ұмытып кетесің. Мен мектеп бітірген соң 2009 жылы Алматы экономикалық-статистикалық академиясының Қостанай облысы бойынша филиалына ақылы оқуға түсіп, бухгалтер мамандығын алып шықтым. Оқуыма ақша төлеп, білім алуыма септігін тигізген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілерге айтар алғысым шексіз. Онымен қоймай, бұл кісілер мені өздеріне жұмысқа алды. Ұжымдағылармен де тез тіл табысып кеттім, жұмысым өзіме қатты ұнайды, – дейді бағдарлама қатысушысы Ержан. Кейіпкеріміздің ағасы Мадияр да үшінші топтағы мүгедек. Ол да денсаулығына қарамастан жоғары білім алып, бүгінде аудандық білім бөлімінде бухгалтер болып еңбек етіп жатқан көрінеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓