Тәжірибеде – тың технология
Қостанайда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен кезекті "ҮЕҰ ортасы" атты жобаның кезекті жиыны өтті. Бұл жолғы онлайн отырыста ресейлік planeta.ru платформасының краудфандинг мектебі жетекшісі Егор Ельчинмен өтті.
Айта кетейік, краудфандинг – қаржылық инструмент қана емес, бұл қайырымға негізделген өзара қатынастың түрі. Крауд-жобаны әлемнің кез келген нүктесінен құрып, жүзеге асыруға болады. Демеушілер жобаларға қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, қолдау көрсеткені үшін бонустар иеленеді. Жалпы, крауд-жобалар Қазақстанда белсенді айналымға еніп, оң бағытта дамып келеді. Осы тетік туралы ресейлік маман онлайн-кездесу барысында тәжірибе бөлісті.
"Келесі жиынды "Подкастинг, өз подкастыңды қалай жасауға және қалай тауашаңды табуға болады?" тақырыбында 14 сәуірде өткізу жоспарланып отыр. Оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады", – дейді ұйымдастырушылар.