Мал басын көбейтуге мүмкіндік алды

Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан қалыс қалмауына толық мүмкіншілік бар. Үкімет тарапынан да қолынан іс келетіндерге кәсібін ашуға не жұмысқа орналастыруға жағдай жасалуда. Өйткені, мүгедек адам да мемлекеттің кәдесіне жарайды, тек олардың бұл құлшынысын қолдау керек.
DSC05694
Мемлекеттің қамқорлығын сезінген осындай жандардың бірі Дина Байтлю. Ол жоғарыда аталған бағдарламаның арқасында жеңілдетілген несие алып, бүгінде бір берекелі істің басын бастаған екен. Денсаулығы сыр беріп, ойламаған жерден үшінші топтағы мүгедектік алған ол өз жұмысын тастауға мәжбүр болды. Бірақ, өмір бойы еңбек етіп келген жан үйде қол қусырып бос отыруды да құп көрмеді. Қалай дегенмен өзіне лайық жұмыс таба алмаған соң әйтеуір бір кәсіп қылуға бел буды. Үйін кепілге қойып, бағдарламаның екінші бағытына қатысып, несие алып, мал шаруашылығын дамытуды қолға алуды ойлайды. Осылайша, ол 2 млн. теңге көлемінде шағын несиеге қол жеткізіп, оған он бұзау, екі сиыр, бір жылқы, сондай-ақ, үйдің жанынан мал ұстайтын үлкен қора-қопсы салу үшін құрылыс материалдарын сатып алады. – Мамандығым бухгалтер, қазір денсаулығыма байланысты үйде отырмын, үшінші топтағы мүгедекпін. Жолдасым инженер, екі ұлым бар, біреуі студент, екінші балам мектепте оқиды. Бәрі де солардың болашағы үшін ғой, әрі бүгінгі заманда тірлік қылмасқа амал жоқ. Несиені бес жылға алдым, өте тиімді әрі мұндай ең төменгі пайызбен ешқандай банктер де бермейді. Болашақта осы алған малдарымыздың басын көбейтіп, үлкен бір шаруашылыққа айналсақ деген арманымыз да жоқ емес. Мал ғана ұстамаймыз, құс өсіреміз, бау-бақша саламыз. Осының бәрі еңбек қой, бұрынғыдай емес, қазір адамдар да барлық игіліктің осы еңбек арқылы келетінін түсінді. Бұған қоса, елімізде мен сияқты іс бастаймын, шаруа істеймін деген жанға үкімет тарапынан да жағдай жасалып жатыр ғой. Соның ішінде мына бағдарламаның көп көмегі тиюде, – дейді бағдарлама қатысушысы Дина Байтлю.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓