Шарапатты шара

Арқалық қаласында Мәуліт мерекесіне орай «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті мен «Қайрат» спорт мектебінің басшысы Рүстем Асанханұлының ұйымдастыруымен спорттық сайыстар өткізілді.
Мұнда мемлекеттік мекемелері және қалалық мешіттен құралған алты команда арасында шағын футболдан ұйымдастырылып, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар тарапынан «Рухы биік жандар» атты команда нысанаға тигізу (дартс), шахмат және асық ату ойындары бойынша өздерінің спортқа деген ынтызарлықтарын көрсетті.IMG_9596 Жарыстың  ашылу салтанатында  қала әкімі Ғазиз Ерболатұлы мерекеге жиналған қауымды құттықтады. Бұл сайысқа дінге деген құрметінің белгісі ретінде өзі де  қатысатындығын білдірді. Мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өз сөзінде осынау жарыстың ерекшелігіне тоқталып, Мәуліт мейрамының мән-маңызы жайлы әңгімеледі.
Мәдениет бөлімінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары патриоттық әндерді шырқап, жиналғандарға рухани ләззат сыйлады. Ал, қалалық мешіт ұжымы демеуші азаматтардың қолдауымен көмекке мұқтаж он отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлікті табыс етті. IMG_9578
 
IMG_5059

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓