Игорь Юрин “Тобылдан” кетті

«Тобыл» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Игорь Юрин Көкшетаудың «Оқжетпес» клубымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Kazfootball.kz порталы.2fYH5QCc
32 жастағы футболшының «Тобыл» клубымен келісім-шарт мерзімі аяқталған. Ол еркін агент ретінде жаңа клубтарды қарастырып, "Оқжетпес" командасымен келісімге келдіі. Енді ол алдағы бір жылды көкшетаулық клубтың сапында өткізеді. Айта кетейік, өткен жылы Игорь Юрин "Тобыл" сапында Қазақстан премьер-лигасында 28 кездесу өткізіп, 4 гол соққан. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓