Антологияда біздің жерлесіміздің жырлары бар

Москваның "Художественная литература" баспасынан таяуда "Тәуелсіз Қазақстан: Қазіргі заман әдебиеті" деп аталған үш томдық антология жарық көрді.Басылымды Қазақстан Жазушылар одағы (төрағасы Нұрлан Оразалин),
кітпа
"Тәржіман" әдеби аудармашылар одағы" (төрағасы Қайрат Бақбергенов), Ресей Жазушылар одағы (төрағасы – Валерий Ганичев) бірлесіп шығарған. Антологияның "Ғасырларға жол тартқан жақұт жырлар" деп аталатын үшінші томында (құрастырушылар Райхан Мәженқызы және Георгий Пряхин) сексенге жуық ақынның жырлары топтастырылған. Оған біздің жерлесіміз Ақылбек Шаяхметтің де өлеңдері енгізілген. Ақын өлеңдерін орыс тіліне аударған Борис Пчелинцев, Виктор Корытный, Надежда Чернова және Болат Лұқбанов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓