Анасын өлтірген азаматша 10 жылға сотталды
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігі (қасақана адам өлтіру) бойынша айыпты ден танылған 37 жастағы Надежда Муфтулинаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы 1944 жылы туған өз анасы Е.Муфтулинаны өлтірді деп айыпталған болатын. Жасы ұлғайған әйел қант диабеті ауруына шалдығып, төсек тартып жатқан. 2015 жылдың 9 маусымында Қостанай қаласында жалға алған пәтерде болған Надежда Муфтулина балконнан кір жаятын жіпті кесіп алып, бөлмеде қорғансыз науқастанып жатқан анасын буындыра бастаған. Жәбірленушінің жансыз екеніне көз жеткізген сотталушы пәтерден кетіп қалады. 10 маусым күні таңғы сағат 05.00 кезінде Н.Муфтулина пәтерге қайта келіп, анасының денесін ақжаймаға орап далаға сүйреп шығарып, келесі үйдің ауласына тастап, оқиға орнынан жасырынған.
Сот үкімімен Н.Муфтулинаға жалпы тәртіптегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сот үкімімен Н.Муфтулинаға жалпы тәртіптегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қ.МАРАТҚЫЗЫ