Баға құбылды
Апта басында аудандық редакция тілшілері өңірдің бірқатар азық-түлік дүкендерін аралап, тауарлар бағасына сараптама жүргізген болатын. Нәтижесінде: макарон, өсімдік майы, қант, жұмыртқа т.б. өнімдердің бағасы күрт өскендігі байқалды.
Мәселен, 11-қаңтарда көптеген дүкендерде қанттың келісі – 245 теңгеден сатыла бастады, ал жыл басында бұл көрсеткіш – 230 теңге еді. Міне, осы секілді макарон өнімдері 10-15 теңгеге қымбаттаса, "Ақмаржанның" бағасы анағұрлым шарықтап кетті. Қазір келісін – 200-210 теңгеге кездестіресің. Ал, қарақұмықтың құны тіпті, құбылып тұр. Бағасы – 265-275 теңгеге көтерілді.
Сондай-ақ, өсімдік майы да күрт өсті. Енді, литрін бұрынғыдай – 365-тен емес, 395-405 теңгеге алуың керек. Күнделікті тұтынатын кәдімгі нанның да бағасы – 11 теңгеге қымбаттады, әрине, ұнды қоспағанда.
Сонымен қатар, сүт және қышқыл сүт өнімдерінің бағасы да өсуде. Тауық етінің келісі – 580-590 теңгеге сатылуда.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.