Қостанайда түсініксіз мақұлық табылды
Әлем жұмбаққа толы. Ғалымдар тіршілік иелерінің барлығының сырын аштым десе де, көбісі адам көзінен тыс қалып жатады. Әулиекөл ауданының Қазанбасы округінде Бағаналы деген ауыл бар. Бұл ауылды жан-жағынан қалың орман қоршап тұр. Жақын күндері бұл елді мекенде тылсым жағдай орын алды. Жылыту науқаны басталғалы бері қазан айында әкелінген көмірді енді тазартып,жаға бастаған.
Көп көмірдің арасынан үлкендігі кәдімгі дүкендегі бөлкедей болатын "жұмыртқа" шығыпты. Пеш жағушылар бұл не зат екенін білу үшін әлгіні күрекпен ұрып,ашпақшы болған.
Сыртқы қабаты да желімдей жабысқақ екен. Тіпті де жұмыртқаға ұқсамайды. Ішіннен 20сантиметрдей ұсқыны құртқа келер бір мақұлық шыққан көрінеді.
Аң-таң болған жұмысшылар дереу мектептегі еңбек кабинетіне әкеліп, түр-сипатын анықтап көру үшін су құяды. Сол кезде құйрық жағы үрленіп, аздап қимылдай бастайды.Таяқпен түртіп қалса, жаңағы жәндік өзінің түсін көгілдірге өзгертіп жіберген. Ауылда бұның не зат екенін білмей дал болған соң, ауылдық округтың әкіміне хабарласып, бар жағдайды баяндайды. Әкім қаладағы ғылыми зерттеу институтына хабарласыңдар деген көрінеді. Сонау жерден біздің жаққа келе қоймас деп, ауыл тұрғындары да қазіргі күнде еш қимыл жасамай отыр. Әлгі мақұлықтың 30 градустық аяздарда қалай шыдап, тірі қалғаны таңғаларлық. Ұсқыны не жыланға келмейді, не біздің жақта тіршілік етер ешбір жәндікке ұқсамайды. Куәгерлердің айтуы бойынша, әлгінің аузында кішкене азу тістері бар көрінеді. Сол жерде жұмыс жасайтын Гена атты жігіт жұмыртқаны да, әлгі мақұлықты да үйіне алып кеткен екен. Осындай жұмбақ мақұлықпен кездескен ауыл тұрғындары қаладағы арнайы органдар хабардар болсын деген оймен бізге хабарласқан еді.
Сара Жақсылық
Неге осындай белгісіз құбылыстарға конил болип мән бермейді екен?
Вероятно это МИКСИНА из семейства бесчелюстных. И не ископаемое. Полагаю, что на угольном карьере был водоём. В него, с перелётными птицами, попали яйца миксины. Вылупившиеся миксины за лето подросли. Водоём осушили. Миксины сбились в клубок. А потом их зачерпнул ковш экскаватора.
Осы мақаланы өзбек елінің сайттарынан да көрдім. Бәрі шулап жазып жатыр ғой. Жазғанымен не керек, ешкім дәл не екенін айтпайды. Дөп басып айтар мамандардың болмағаны ма біздің елде?
Орыс басылымдары бұл мақұлық жай ғана бір жануардың ішкі құрылысы болуы мүмкін дейді. Ал алғаш осы сайтқа шыққанда түсін өзгертіп, қозғалып, тіпті тістері де бар деп жазды. Бұл қалай сонда? Тісі бар, қозғалатын ішек-қарын бола ма?
Ертеректе, біздің бала күнімізде тылсым оқиғалар көп болушы еді. Сол уақыттарда көп нәрсені халықтан жасырып қалатын. Бұны да солай бізден айтпай отырған шығар. Алғашқы суреттері де ұсқынсыз еді.