“АГРОМАШХОЛДИНГ KZ” жылды қорытындылады
Биыл LOVOL Қазақстандағы ең көп сатылатын тракторлардың санатына енді. Құю учаскесі мен кабиналарды дәнекерлеу іске қосылып, екі мыңнан астам жаңа түйіндер мен бөлшектер шығарылып, нәтижесінде 2022 жылы қазақстандық нарыққа мыңнан астам отандық тракторлар мен комбайндар шықты. Бұл туралы «АгромашХолдинг KZ» баспасөз қызметі хабарлайды.
"Биыл өндіріс 20% – ға өсті. Егер 2021 жылы кәсіпорын 936 бірлік өздігінен жүретін техника шығарса, осы жылы бұл белгі 1064 бірлікке дейін көбейді. 719 трактор шығарылған. Осы маусымда LOVOL бренді Қазақстандағы ең көп сатылатын тракторлардың біріне айналды», – деді коммерциялық директор Николай Пархоменко.
«АгромашХолдинг KZ» зауытының базасында биыл жаңа өндірістік учаске –LOVOL тракторларының кабиналарын дәнекерлеу желісі пайда болды.
«Өткен қыста біз кабиналар шығару жобасын әзірлеп, жүзеге асырдық. Процесс оңай емес, бірақ қызметкерлер тәжрибе жинақтай түсті. Қосымша біздің шетелдік серіктестерімізден қыр-сырын үйрендік. Бүгінде дәнекерлеу учаскесі белсенді жұмыс істеп тұр. Оның өнімділігі – ауысымына 10 кабина», – дейді өндіріс жөніндегі вице-президент Петр Максаков.
Локализациялық орталықты іске қосу аясында 4 млрд теңгеге 55 заманауи жабдық сатып алынып, орнатылды. Осы жазда мұнда соңғы үлгідегі станоктардың бірі – лазерлік құбыр кескіш пен тоғыз метрлік ораққа арналған дәнекерлеу өткізгіші әкелінген. Сонымен қатар, құю цехын қайта құру аяқталды, мұнда ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін құю жұмыстары жанданды. Локализацияны тереңдету аясында сепкіштерге, тракторларға және комбайндарға арналған барлық қажетті компоненттер зауыт ішінде құйылатын болды.
«Өнімділігі жоғары станоктар мен автоматтандырылған желілері бар әмбебап цехтар ауыл шаруашылығы техникасын ірі қосалқы жинақтан және тіпті шағын қосалқы құрастырудан шығып, компоненттерді толыққанды өндіруге және жергілікті қамту үлесін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Біз осы жылы құрылған барлық өндірістік бағдарламаны орындадық. 2022 жылы біз қосымша екі мыңға жуық жаңа түйіндер мен бөлшектерді игеріп, тоғыз метрлік орақтар мен олардың астындағы арбаларды, тырмаларды, трактор кабиналарын, алдыңғы тиегіштерді, көлбеу камераны және т.б. өндіруді бастадық», – деп бөлісті Максаков.
Заманауи жабдықтары бар Локализация орталығының іске қосылуы қазақстандық мамандардың қазіргі құзыреттері отандық машина жасаушылар – «Санкт-Петербург трактор зауыты», «Гомсельмаш» ААҚ, «Shandong Weichai Lovol International Trading Co., Ltd», «SDFGroup» сияқты әлемдік компаниялармен табысты кооперациялауға мүмкіндік берді.
«Жаңа жылда біз өз қатарымызға 80, 110, 150 және 260 а.к. бар LOVOL тракторларын енгіземіз. Бұған егіс алқаптарының басым бөлігін майлы дақылдар алып жатқан Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанның диқандары тарапынан сұраныс бар. Келесі маусымның жаңалығы LOVOL брендінің комбайны болады. Комбайндар Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан өңірлерінде сынақтан өтеді», – деді коммерциялық директор Николай Пархоменко.
Сонымен қатар, қазақстандық фермерлер осы маусымның жаңа топтамасы DEUTZ-FAHR тракторлары мен комбайндарына ерекше қызығушылық танытты. 2021 жылдан бастап «SDF Group» және «АгромашХолдинг KZ» Қазақстан аумағында «DEUTZ-FAHR» сауда маркалы ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп өндіруді бастады. 2022 жылғы өндірістік жоспар бойынша шамамен 100 трактор мен комбайн өндіру көзделген. Бұл меже іске асырылды. Келесі маусымда өндіріс көлемі бірнеше есе артады. Сондай-ақ, зауыт ESSIL брендінің айналмалы комбайндарын шығаруды ұлғайтуды жоспарлап отыр.