Көлеңкелі саудаға қарсы жұмыстар күшейді

Лисаков қаласында алкоголь өнімдерін астыртын саудалаушыларға қарсы жұмыстар күшейе түсті. Өткен жылдың басынан бері 66 рейд жүргізіліп, 19 дүкенде ережебұзушылық әшкере болған. Сот шешімімен 689 литр ішімдік тәркіленіп, жалпы сомасы 3 млн. теңгені құрайтын айыппұл салыныпты.алькоголь
Тәртіп сақшылар мәліметінше, өткен жылы мас күйде жасалған қылмыстар көп тіркелген. Тіпті, ақыр аяғы өліммен аяқталған оқиға да болды. Қылмыскер қолға түсіп, кінәсі мойындалғанмен, түні бойы ішімдікпен «суарған» дүкенді айтпаған. Полицейлер іздестіру шараларын әлі жүргізуде. Басы ашылған күні көлеңкелі сауданы домалатып келген сатушының «сыбағасын» алатынын айтып отыр.
Қадағалаушы органдардың спирт саудасын түн ауа қыздыратын нүктелерді қарапайым тұтынушылардай білмейтіні де жасырын емес. Әлгіндегі оқиғадан соң осындай қорытынды жасайды жергілікті Лисаков-онлайн сайты.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓