Жаяу жүргінші мерт болды
27 құыркүйекте сағат 22.30 шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" бағытындағы автожолдың 65-шақырымында 25 жастағы жүргізуші "HYUNDAI H1" маркалы автокөлігімен 41 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша ("Автокөлікті не басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның өліміне әкеп соққан бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.