Кәсіподақта – жаңа басшы

«Қостанай облыстық кәсіподақ орталығы» аймақтық бірлестігінің басшысы болып Екатерина Васильевна Смышляева сайланды.
Екатерина Смышляева 1982 жылы Қостанай қаласында туған. Орыс. Білімі – жоғары. 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдайды.  2009 жылы Некрасов атындағы Костромской мемлекеттік университетін ғаламтордағы жастармен жұмыс мамандығы бойынша аяқтаған.смышляева
Еңбек өтілін 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде химия кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. 2005-2006 жылдары аграрлы-биологиялық институтында директордың тәрбие ісі және қоғамдық келісім жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2006-2008 жылдары «Ровесник» Қостанай облысының педагогикалық тобы» бағдарламасына жетекшілік еткен.
2008-2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-да жастар саясаты бойынша идеология және қоғамдық-саяси бөлімнің кеңесшісі болды.
2013-2015 жылдары Қостанай перинаталдық орталығында бас дәрігердің маркетинг жөніндегі орынбасары және «Қостанай облысының қоғамдық-педагогикалық қозғалысының» төрайымы  қызметін қоса атқарды.
 
Қасқырбай Қойшыманов
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓