Бір топ барымташы ұсталды

Қостанайлық полицейлер далада жүрген малды атып алумен айналысқан барымташылар тобын ұстады. Күдіктілер далада жүрген малды күндіз байқап, түнде атып алған. Сол жерде сойып, етін алыпсатарлар арқылы дүкендерге өткізген.  
Полицияға жүгінген азаматтардың бір бөлігі атыс белгілері бар малдың қалдықтарын тапқан. Арнайы операция ұрлық жайылымда, күзетілмеген аумақтарда орын алған. Дәл осы жайт арнаулы операция жүргізуге біраз қиындықтар тудырған. Сонымен қатар, фактілердің бірінде қаскүнемдер екі қошқарды тікелей ауладағы қорадан ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта топтың 5 қатысушысы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.
Аманкелді ауданының аумағында мал ұрлығының үш фактісі және Арқалық қаласында үш факті дәлелденді. Келтірілген залал бес миллион теңгеден асады.
Күдіктілердің бірін тінту барысында заттай айғақ, оның ішінде тіркелмеген «ИЖ-12» маркалы тегіс ұңғылы қару мен оғы тәркіленді. Баллистикалық сараптама тағайындалды.
Сотқа дейінгі тергеу аясында күдіктілердің дәл осындай өзге де қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.
Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Дүйсембай Байбосыновтың айтуынша, мал ұрлығы фактілерімен күрес басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағытта жүйелі түрде жұмыстар жалғасуда.
  – Арнайы іс-шараларды өткізу нәтижесінде Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Аманкелді ауданының және Арқалық қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, – деп атап өтті полиция полковнигі.
Биылғы жылы мал ұрлығы фактілерінің тіркелуі төмендегені байқалады.
Ашылған және аяқталған қылмыстық істер бойынша 155 бас мал иелеріне қайтарылды. Іздестіру іс-шаралары барысында 91 факті бойынша жоғалған мал табылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 3841 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓