Мыңнан астам травматикалық қару жиналды

Облыстық ІІД азаматтардан газды-травматикалық қару сатып алу акциясын қорытындылады. Жаңажылдық мерекеге дейін қостанайлықтардан 1021 қару жиналған.травмат
ІІД әкімшілік полициясы басқармасының айтуынша, 1 қаңтарға дейін қаруын өткізбеген азаматтар ҚР ҚК 287 бабының 2 тармағына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
-Аталмыш баптың санкциясы бойынша, талапты орындамағандар 2000 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс немесе түзету жұмыстарына тартылып не бас бостандығынан айырылуы мүмкін,-дейді ІІД ӘҚБ бастығы, полиция подполковнигі А.Болатов.
Тапсырылған қарулардың 487-сі – газды және травматикалық, 525-і – ұңғысыз тапанша. Барлық қаруды сатып алуға жалпы сомасы 51млн. 702 мың теңге жұмсалған.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓