Үш отбасы үйсіз қалды

Оқиға КСК шағын ауданындағы Дальний тұйық көшесіндегі №7 үйде болды. Үш отбасы паналап келген жеке үй қас-қағым сәтте күлге айналған.
– Түн ортасынан ауған уақыт болатын. Кенет қатты тарсылды естідім. Ас үйден ыстың иісі сезілді. Дереу есікті ашып қалып едім, ыстық леп бетімді шарпып өтті. Қатты айқайлап жібердім. Үйде үлкен ағам бар-тын. Ол жарақат алып қалды. Пластикалық терезе арқылы сыртқа шықтық бәріміз. Сағат екі-үштерде 101 өрт қызметіне және полиция бөлімшесіне қоңырау шалдым. Түнімен тілсіз жаумен алысып, әбден әбігерге түскен жақындарым әлі есеңгіреп  жүр,- деп баяндады жапа шегуші Бибігүл Құсайынова.1439829155ye35p
Жалпы, баспанада тоғыз адам болған. Қолқаны қапқан қолаңса иіске душар болғандардың арасында бес айлық нәресте де бар. Маңызды құжаттар мен бағалы заттар өртеніп кеткен.
Қақаған қыстың ортасында жәбірленген Құсайыновтар отбасы қазір туыстарында тұрып жатыр. Кешелі бері жанашыр жандар қол ұшын созып, азық-түлік, киімдер, ақшалай көмек көрсетуде.
 
Қасқырбай Қойшыманов
 
 
Қиындыққа тап болған отбасына көмектесейік, ағайын!
Байланыс телефондары:
8-705-603-17-27(Бибігүл Құсайынова ) 
8 -714-2-54-63-14 («Қостанай таңы» газеті редакциясы)

You may also like...

6 Responses

  1. Сабит Бораншин айтты:

    салеметсиздер ме? редакцияга акелуге бола ма? азқантай заттар алып едім.

     

  2. Жаник айтты:

    ДАВАЙТЕ ПОМОЖЕМ, ВСЕ! РАЗОШЛИТЕ!!!

  3. Жанболат К. айтты:

    Қолымыздан келгенін аямайық, достар!

  4. Нүргүл К. айтты:

    Бес айлық балаға обал екен. Оқып отырып жүрегім ауырып кетті. Бірілігі жарасып жүрген қазақ халқының бауырмалдылығын дәлелдейтін кезеңдердің бірі осы шығар. Бәріміз жұдырық боп жұмылып көмек көрсетейік. Киім-кешек, ақша бір бөлек. Құнды құжаттарды қалпына келтіруге биліктегі кісілер де атсалысса жақсы болар еді.  Қыстың көзі қырауда далада қалған сұмдық. Бірақ, кімнің басына не келерін кім білсін… Дүниені беруші де, алушы да Жаратқанның өзі. Төзе біліңіздер, қазақ қасындағы жолдасын тастаған халық емес, бірігіп көмектесеміз. Бастарыңыз бүтін, аман-есен қалғандарыңызға шүкір етіп, оңалғасын зекет берсеңіздер де жақсы болар 

  5. Бисекуль айтты:

    Рахмет вам! Сабит ага, вам большой рахмет! не забуду  вашу доброту. Скажу спасибо к Редакцию газеты Костанай таны и  отдельно к руководителю Жанузаку Аязбекову.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓