Өрт сөндіру бекеті ашылды
Таран ауданының Новольинов ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Аталмыш бекет 3 мыңға жуық тұрғыны бар Валерьяновка, Козыревка, Богородск, Мироне мен Ақсуат, Притобольск және Увальное, Ленинское ауылдарын өрттен қорғап қалмақ. Өрт сөндіру бекетте көлік тұрағы және жеке құрам үшін қолайлы жасалған ғимарат бар. Әрине өрт сөндіруге қажетті құрал-жабдықтар мен көлік те жоқ емес. Төетенше жағдайлар департаментінің кәсіби дайындық мектепбінің оқытушылары «Ақтас» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымының өрт сөндірушілер мен жүргізушілерін алғашқы дайындықтан өткізді. Енді 30-ға жуық ерікті өрт сөндіруші тілсіз жаумен күресуге дайын.
Махаббат Бекбай