Кафе өртеніп кетті
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Қостанай ауданының Мичурин кентіндегі демалыс базасында болған.
"Өрт жабындысынан басталған. Тілсіз жау 240 шаршы метрді қамтыды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 17.49-да келіп жетіп, алау 18.19-да ауыздықталды. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр желілерінің қысқа тұйықталуынан пайда болуы мүмкін", – делінеді хабарламада.

Оқиға орнына 56 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды