Этно – мозаика – бір қайырым

Оғылан
.Этно-117.. Моңғолдың 200 келіге жуық балуаны Сұғаржар-ғалды алып ұрған тараздық дарабоз бура сан, бұқа мойын Бейбіт Ыстыбаев кіндік кескен жері Көшек батыр аулына барғанда ортан жілікті ортасынан қақ бөліп, атан жілікті арқасымен шағып тастайды. Құралайды көзге атқан, қарсы келгенді қағып, алшы келгенін шалып жығатын баһадүр, "арғы бабасы Көшек батырға тартқан екен, сабазың!" деп жатты ауылдастары.
 
 
 
Қамшыгер
11Бірде Төлебай қамшыгер бәстесіп атан өгіздің бел ортасына бір ұрғанда осылған жерi тесiлiп, бел омыртқаның басы кеткен жануар жата кетіпті. Ал қамшыгер Бәлел өзіне ауыз сала берген бураны қасқа маңдайдан қамшыны сол қолына ұстаған күйi тартып жiберіп, етпетiнен түсірген. Бураның иесі дау көтерiп: "Сен басқа қарумен ұрдың, түйемнiң құнын төле", – дегенде Бәлел сонадайға барып, қайта оралады да, шауып өте берiп, оң қолымен өлген түйенiң басын қамшымен ұрып, сүйегiн айырып жiбередi.
 
 
Көкпар
этно-422Ат үстiне қарғып мінетін, денесі талыстай, білегі құрыштай, жасы жетпiс төрттегі Түлкібастық көкпаршы Зұлпыхар Тайырбеков 64 жылдан бері көкпардан қалып көрмепті. Көкпарға бармаса, ас батпай, ауырып қалады екен. Мынандай бір оқиға болыпты: бір көкпарда көкпаршы баласы Жұлдызхан Тайырбеков алысып жүріп, серкенi тақымына баса сала заулата жөнеледі. Содан қазандыққа қарай кiлт бұрған сәтте ертоқымынан ауып түсiп қалады. Ал астындағы ат екпіндеген бойы адамдарға қарай шауып келіп, тура қарияның алдына тұра қалады. Жетпіс төрттегі Зұлпекең атқа қарғып мініп, тұра шауып көкпарды iле қазандыққа апарып бір-ақ салады. Қас пен көздің арасындағы бұл оқиғаға елдің бәрі таңғалып, ақылды жануар мен қайсар қарияға аяғынан тік тұрып зор қошемет көрсетіпті. Атақты көкпаршы Шәймек кісі 1959 жылы Мәскеуге барған. Сол жерде Орталық стадионда қазақтың ұлттық ойыны көкпар мен аударыспақты мыңдаған мәскеуліктерге көрсеткен. Маршал Семен Буденныйдің қолынан грамота алған. Қазақстандық шабандоздар қолбасшыны ортаға алып түскен суретке де түсіпті. (Қ.Жақыпов)
 
Имам – чемпион
Имам – чемпионВенгрияда егде жастар арасында Еуразия, Азия және Венгрияның Ашық біріншілігі халықаралық спорт жарысы өткен болатын. Гір тасын көтеру бойынша жерлесіміз Әмір-бай ақсақал алтыннан алқа тағып қайтты. Қарияның жасы 80-ге таяп қалса да әлі тың. Өзін сергек ұстайды. Сонымен чемпион имамымыз серпе көтеруден 10 келі гір тасын 10 минут ішінде 231 рет бағындырған. Осы салмақты құрайтын тасты жұлқа көтеру бойынша 3 минутта 84 рет, ал серпе көтерудің ұзартылған түрі бойынша 64 рет бағындырыпты.Бас мүфти Әмірбай Сіләмжанұлын жеңісімен құттықтап, ілтипат көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді.
 
 
Саяткер
этно-68Шөкібайдің Топайы аңкөс, құсбегі адам болған екен. Саятшылық кезінде бір ауылға құдайы қонақ болып түседі. Топекең үй иесіне "бүркітім қара жерге құйрық басып үйре-ніп кеткен рұқсат болса бос қойсам" деген екен. Үйде құйрығымен жорғалап жүрген немереміз бар еді, соған зияны тимей ме деген ақсақалға Топекең, "менің де үйде еңбектеп жүрген балам бар, бүркітім оған тиіспейді, көзі үйренген" дейді. Сөйтіп, бүркітті үйдің ішіне керегеден ұзын етіп аяқбауын байлап тастап қояды. Малды ауылдың қарбалас тірлігі: әйел атаулы сауынға шыққан кез. Сол екі ортада үйдің үлкендерін және оған құсбегіні қосып көрші үй шай ішуге шақыра қалыпты. Кеш түсе, сауыннан келе үйге кірген әйел баж етіп далаға атып шығады. Елдің бәрі бүркіт баланы өлтірген шығар деп ойлайды. Жұрт топырлап үйге кірсе, мәссаған жас бала сақ-сақ күліп, сасықкүзеннің құйрығымен ойнап отыр. Бүркіт болса, сасықкүзенді бүріп ұстаған күйі иесіне жалтақ-жалтақ қарайды. Сасықкүзен шалажансар, көзін ашып-жұмып әлсіз қозғалып қояды. Мән-жайды білсе, үйде адам жоғын пайдаланып сасықкүзен үйге кіріп кеткен екен, оны бүркіт ұстап алған. Егер бүркіт ұстамағанда жас баланың жазым болуы әбден мүмкін еді. Сөйтіп, қырағы қыранның арқасында, бір әулет ұрпағын аман-есен сақтап қалған екен. (Ж.АҚЫБИ)
 
Теңге ілу
загруженноеОрта Азияға жорығында жергілікті халықтың теңге ілу ойындарын көрген Александр Македонский таңдайын қағып: "Атты жауынгер үшін қажетті нағыз дайындық міне – осы!" деген екен. Оралдық Армат Ерболатұлы Сәрсекенов Теңге ілу ойынының қыры мен сырын меңгерген, оны насихаттап, кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген азамат. Ол 2010 жылы Астана қаласында және 2012 жылы Өскемен қаласында Республикалық ұлттық спорт түрлерінен өткен ХІІ-ші Республикалық чемпионатта 150 метр қашықтықты 14 секундта шауып өтіп 5 түйілген күмісті алып үлгіріп рекорд жасады. Төрешілер оның шауып өткен уақытына сенбей жаттығуды 3 мәрте қайталатқызады. Ол еш мүдір-мей жаттығуды қайталап шығып, қалың жұртты хас өнерімен тәнті етті.
 
Бүркітші
этно-553Этнограф Жанарбек Ақыби: "…Інім Бақытбек бір күні қақпанға барса оған бүркіт түсіп қалған екен. Түз сермендесін босатып алып, ұзақ қараған әкем: "Бұл бұрын адамдардың қолында болған құс екен және ішінде жұмыртқасы бар көрінеді, босатып қоя беріңдер!" деп бұйырды. Біз "оны қайдан білдіңіз?" деп сұрадық. Әкей: "Құстың балағына анықтап қарасаңдаршы, балақбаудың табы әлі өшпеген және жембасарына бәкімен шекітіп, ойық белгі салынған. Бұл құс иесінің қолға түссе босатып жіберіңдер деген белгісі" деді. Онымен қоймай әкей "нағыз қыран" екен деп ұзақ тамсанды. Әкей ұзақ ойланып тұрды да, соны да білмейсің бе дегендей мырс етіп күлді де, "ей, балам иесі бұл құсты текке босатқан жоқ, ұрғашы қыран екен, одан тұқым үзілмесін деп босатқандықтан жембасарына белгі салыпты. Аманатқа қиянат жасауға болмайды, сондықтан ұстамадым" деді. "Ал, олай болса қыранның ішінде жұмыртқасы барын қалай білдіңіз?". "Е, балам құста адам сияқты, ақылды қыран жұмыртқасы үлкейген тұста дала аңымен алыспайды, іштегі шаранаға зақым келуі мүмкін, аз уақыт тоқты-серкеш жеп күнелтеді. Ертеңнен бастап қойларыңды қорықпай жая берің-дер, енді қайтып ол біздің малға тиіспейді, жұмыртқа басу үшін биік тауға кетеді" деді. Расында екінші қайта ол бүркіт біздің маңнан көрінбеді. Ғаламтордан.

You may also like...

1 Response

  1. Гость айтты:

    Белгілі Этнограф Жанарбек Ақыби дің қазақтың бұркітшіліктің қызықты  мақалалары ғаламторда баршылық соны тауып жазсаңыздар екен. Ж.АҚЫБИдің әнгімелері ұлтық руқты көтеретін нағыз өр руқты болып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓