Өнерлі отбасының көрмесі
Бүгін Қостанай қаласындағы Л.Толстой атындағы ОӘҒК-да қостанайлық суретшілер отбасының: мүсінші Баян Баталованың, қолданбалы өнер шебері, зергер С.Әбдікәрімовтың, артметалл шебері Марлен Шетлер мен оның қызы Жасминнің «Көшпенділердің жеті қазынасы» атты көрмесі болып өтті.

Өнерлілер отбасы бір талай республикалық сайыстарда жеңімпаз атанып, Қостанайдың көркейуіне өз үлестерін қосқан. Отбасыдағы Марлен ұлдары қаладағы темір ескерткіштердің авторы. Атап айтсақ, «Март» ойын-сауық орталығының алдындағы «Трансформер» роботы, КСК ауданындағы «Ақ Отау» салтанат сарайындағы кесіртке бейнесі де М.Шетлердің қолынан шыққан туындылар.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор