Қостанайда адасып қалған алматылық ауруханада жатыр

2-қаңтар күні Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері кезекшілік уақытында шұғыл топ құрамында құтқару операциясын жүргізуге қатысты. Кешкі сағат бесте жеке қоңырау шалған абоненттің мәліметі бойына олар Қостанайдың шетіне, КСК ауданына жол жүрді. Жылыту комбинатынан жүз метр жердегі алқапта қар басқан, қараусыз қалған көлікжайлар орналасқан. Тоқтаусыз (бірнеше сағаттық) іздеулерден соң олар бұрынғы көлікжайдың орнындағы бақылау шұңқырынан ер адамды тауып, тысқа шығарды. Ол 60 жастағы азамат Алматы қаласының тұрғыны болғаны анықталды.алматинец Қостанайға ол іссапармен келген. Тобыл топырағына бірінші рет келгендіктен де жаңылысып, қаланың басқа ауданында адасып қалған. Құрамы екі адамнан тұратын Департаменттің шұғыл тобы омбы қардан өтіп, зардап шегушіні автобус аялдамасының маңында тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Одан әрі қалалық ауруханаға жөнелтілді. Белгілі болғандай, оның қол буындарын және аяқ табандарын 1,2 дәрежелі  үсік шалған. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓