Бір тәулікте 8 алаяқ ұсталды

Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері алаяқтардың түрлі қитұрқы әрекеттерінен сақ болуды ескертеді. Әсіресе, өңірімізде арзан бағада пәтерге жөндеу жұмыстарын жасаймын деп, халықты тақырға отырғызып кеткендер көбейіп келеді. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бір тәуліктің ішінде ғана аймағымыз бойынша 8 алаяқтық қылмыстың тіркелуі осының айғағы. Аталған қылмыстардың кейбіріне тоқтала кетсек.
30 қазан күні облыс орталығының тұрғыны ломбардқа белгісіз біреудің 34 мың теңгеге  бағаланған алтын емес зергерлік бұйымдарды өткізгені туралы шағымданған. Іздестіру кезінде 27 жасар күдікті ұсталды. Ал 52 жасар адам Қостанай қаласы тұрғынынан балкон жөндеп беремін деп 24 мың теңгесін алып кеткен. Қамысты селосының тұрғыны Әл-Фараби көшесі бойындағы кітап дүкенінен жалған 10 мың теңгелік ақшамен кітаптар сатып алған. Алаяқ-кітапқұмарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ 29 жастағы рудныйлық танысынан тауармен есептесемін деп аяқ киім алып, осы уақытқа дейін ақшасын қайтармағаны туралы шағымданған. Жүргізілген іздестіру шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды.
Қазіргі уақытта барлық қылмыстар бойынша алдын ала тергеу шаралары жүргізілуде.
Шұға                
     ҚОҢҚАБАЙ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓