Сиыр атқан “аңшылар” ұсталды
Қостанай облысының полицейлері бөтеннің сиырын атып, етін бөліп алған аңшыларды ұстады.Науырзым ауданының полиция бөліміне 2020 жылғы 8 қазанда Дәмді ауылынан 15 шақырым жердегі жайылымда жергілікті тұрғынға тиесілі сиырдың терісі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шығын сомасы – 300 мың теңге.Аталған арыз бойынша жағдайларды анықтау барысында бақташы полицияға осы уақытта сұр түсті жол талғамайтын көлікті көргенін айтты. Ізін суытпай ірі қара мал ұрлады деген күдікпен Қарасу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Полицейлер күдіктілерді Октябрьский кентінде өз үйлерінде құрықтаған.
Күдіктілердің айтуынша, олар осы жылдың 8 қазанында таңғы сағат 10:00-де Land Cruiser Prado автокөлігімен аң аулауға шыққан. Олар Науырзым ауданының Дәмді ауылына қарай бағыт алған. Кейін сағат 17:00 шамасында жайылып жүрген 7-8 бас сиырды көрген. Жақын маңда ешкім жоқ екенін байқап, олар бір сиырды атып, сол жерде сойып алған.– Мал иесі полицияға дереу хабарлаған соң қылмысты ізін суытпай ашуға мүмкіндік туды. Ұрланған ет иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-1 – бабы, 2-бөлігі 1-тармағы (мал ұрлығы) бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – дейді Науырзым ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Орал Баймурзин.