Екі үй өртенді

Оқиға Сарыкөл ауданында тіркелді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.IMG_20160103_125022
Өрт сөндіру бөлімінің мәліметінше, 2 қаңтарда сағат 22.29-да «№16-ӨС» қызметінің 101 пультіне Меңдеке батыр көшесіндегі үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар оқиға орына жедел жетіп, шатырды шарпып жатқан алауды ауыздықтады. Тілсіз жауды толық өшіруге бір жарым сағат жұмсалды.
Ал, екінші өрт келесі күні Пушкин көшесіндегі үйде тұтанды. Бұл жолы да жалын үйдің төбесінен басталған. Өрт сөндірушілер ұйымдасқан түрде жұмыс істеп, келеңсіздікке тосқауыл қоя білді.
Өрттердің шығуының басты себебі біреу – өрт қауіпсіздігі ережелерінің дұрыс сақталмауы. Нақтылағанда, түтін шығатын мұржалардың ақауы осы оқиғаларға соқтырған. 
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓