Құм қазам деп жазаға тартылды

Табиғатты қорғау прокуратурасымен талдау жұмыстарын жүргізу кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады. 
Табиғатты қорғау прокуратурасының талабы бойынша экология департаментімен тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде азамат  Б-мен ағымдағы жылдың тамыз айында құрылыс құмдарын заңсыз өндіру фактісі расталды. 

image_023783609137442697764081711533945314

Көрсетілген мерзімде барлығы 125 куб.м. құм заңсыз өндірілген. Қоршаған ортаға мемлекеттің меншігіндегі жерге кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру арқылы 506 875 теңге шығын келтірілген.
Көрсетілген факті бойынша экология департаментіне ұсыныс енгізіліп, соның негізінде азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып және 506 875 теңге көлемінде келтірілген шығынды өндіру талабы қойылды.
 
Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓