Тәуелсіздік тойы басталды

Биылғы жаңа 2016 жылдың күнтізбесі айшықты мерекелерге толы. Соның ішінде шоқтығы биік тұрғаны – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Маңызы зор датаға арналған жылдың алғашқы іс-шарасы бүгін Қостанай қаласындағы Достық үйінде өтті. Республикалық акция «Үлкен ел – үлкен отбасы» деп аталады.IMG_9427

IMG_9411
Іс-шарада мерейтойлық датаның мән-маңызы туралы сөз болды. Билік басшылары мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері сөз сөйлеп, 25 жылдағы Қазақстанның жетістіктерін мақатанышпен еске алды. Тәуелсіздігімізді алғаш болып мойындаған бауырлас ел Түркия туралы да айтылды. Осы жылдар ішінде еліміз асу-асу белдерден өтіп, талай биіктерді бағындырды. Ел басқарған азаматтардың ұстанған салиқалы саясатының арқасында Қазақстанды жер-жаһан танып-білді. Әлемдік аренада өз орнын мықтап белгілеген қуатты елге айналдық. IMG_9419
– Тәуелсіз еліміздің әр қадамы барша халықтың көз алдында. Біз Елордамыз Астана қаласының гүлденіп, дамуына куә болдық. Сондықтан әрбір жетістікке бірге қуанамыз. «Үлкен ел – үлкен отбасы» акциясы облысымыздың барлық аудан-қалаларында да бастау алды. Біз бірлігі жарасқан ортақ шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Бірлік – біздің ең басты құндылығызым,- деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев. IMG_9424
Иә, биылғы жыл татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен бірлікті насихаттайтын жыл болмақ. Былтыр көп болып Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өттік. Ал осы жылы ең басты мереке Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тұр. Маңызды мерейтойдың құрметіне орай жылдың әр айында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Ал әрбір іс-шара  тәуелсіздік жетістіктеріне арналмақ. IMG_9467
– 1990-1991 жылдар. Осы екі жылдың ішінде Қазақстан халқының тарихында, біздің ата-бабамыз VIII ғасырдан бері қарай тасқа ойып жазып кеткен «Мәңгілік ел» идеясы жүзеге асты. Сол кездегі тарихи құжаттарды қабылдауда менің де үлесім болды. Оның бірі – 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «ҚР Тәуелсіздігі» туралы декларация. 1991 жылы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы конституциялық заңы қабылданды. Сол сәттегі қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,-деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин. IMG_9421
Іс-шара соңында жергілікті жоғары оқу орындарының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның мүшелері «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен,  Алғыс хаттармен және облыс әкімінің Грамотасымен марапатталды. IMG_9456

IMG_9438

IMG_9458

IMG_9443

IMG_9446

IMG_9430

IMG_9436

IMG_9423

IMG_9444

IMG_9476

Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓