ЕҢ СҮЙКІМДІ, ЕҢ ТАРТЫМДЫ, ЕҢ ҮЗДІК

"Қостанай таңы" газетінің төл жобасына айналған "Ботақаным" байқауының 3-кезеңі де өз мәресіне жетті. Бұл жолғы фотобайқау "Наурыз" тақырыбына арналған болатын, яғни тақырыпқа сәйкес келетін, қазақы нақыштағы қызықты суреттер ғана қатыстырылды. Апта бойы қабылдау жүргізіліп, сайтқа тек ең үздіктері әр жұма сайын жарияланып отырды. 3-кезең барысында бас-аяғы сегіз материал іріктеліп алынған болатын. Міне, осы озат сегіздіктің үшеуіне ғана жүлде бұйырғалы тұр. Әріптестерімізден құрылған сарапшылардың ортақ шешімімен, 1-орынға науырзымдық Ерасыл мен Ерсайын лайықты деп танылды. Ал жүлделі 2-орын Мұхамедәлі Дәркенбай еншісінде. Арнайы сыйлық Адина, Аруна Төлегеноваларға бұйырды. Олай болса, байқаудың жүлдегерлерімен таныс болыңыздар.
1-орын иелері – Ерасыл-Ерсайын Қасқырбаевтар. Тетелес бауырлар қазақ халқының ұлттық ойыны "Аркан тартысты" ерекше жақсы көреді екен. Бос уақыттарында қазақ хандары мен батырлары туралы ертегiлердi тыңдағанды ұнатады. Науырзым ауданы, Қарамеңдi ауылының кiшкентай тұрғындарының суретін байқауға аналары Әсел қатыстырды. Болашақта аттарына заты сай батыр жiгiттер болады деп үмiттенейiк.ерсайын-ерасыл2-орын жүлдегері – Мұхаммедəлі Дəркенбайұлы Санай. Бір жарым жаста. Заречный кентінің кішкентай тұрғыны. Домбыраны қатты жақсы көреді. Суретті жіберуші – анасы Ақмарал.Димаш СанайАрнайы жүлде иегерлері – қос тамшыдан аумаған бес жасар егіз қыздар – Адина, Аруна Төлегеновалар байқауға Аманкелді ауданынан қатысты. Олардың анасы Ғалияның айтуынша, Аруна би билегенді ұнатса, Адина ән айтып, тақпақ оқығанды жақсы көреді.WhatsApp Image 2018-03-13 at 18.30.31

You may also like...

1 Response

  1. Макс айтты:

    не деген суйкымдар балапандар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓