Мәуліт оқылды

Өткен жылдың 11-желтоқсанынан бастап Хижри жыл санауы бойынша Рабиул әууал айы басталды. Бұл ай ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айы. Сондықтан әлемде және еліміздің жер-жерлерінде мәуліт оқылып құрметтеліп атап өтілуде. Соның бірі – Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде өкіл имам Б. Тәжімбет және наиб имамдар Д.Сыздық пен А.Ермат жамағатқа мәуліт қасидасын оқыды, деп хабарлайды akmechet.kz сайты.photo28122015_01
 
Мұндай шара Арқалық қаласының «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде де болып өтті. Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының шәкірттері мәуліт қасидаларын мәнерлеп оқып, нақышына келтіре орындады. Шәкірттердің айтқан мадақ-салауаттарына жиналған қауым өз ризашылықтарын білдіріп, үлкендер жағы игі тілекпен ақ батасын берді. Бектұрсын Торғайбайұлы екі дүние саруары, Алла елшісінің (с.ғ.с.) дүниеге келіп, күллі адамзат баласына жақсы мен жаманды, халал мен харамды ұғындырып, білім сәулесімен адам жанына шұғылалы шуақ шашқан мәуліт жайлы мағұлмат берді.photo28122015_02
Осындай тәрбиелік мәнге ие болған игілікті іс-шара Арқалық қаласына қарасты Фурманов және Молодежный ауылдық мешіттерінде де өткізілді.photo28122015_03

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓