ТЫҢ ИДЕЯ – ӨНДІРІСКЕ! «ССКӨБ» АҚ идеялар жәрмеңкесін қорытындылады

Өндірісті алға жылжытудың жаңа технологиялары мен тың жолдарын іздестірген кен алыбының жұмыскерлері бас төреші, бірлестік президенті Береке Мұхаметқалиевтың алдында өз жобаларын қорғады.
Конкурсқа ұсынылған жобалардың барлығы өз ауқымдығымен және маңыздылығымен ерекшеленеді. Бір ғана жобаны бірнеше адамның бірлесіп жасауы – сөзімізге дәлел. Мәселен, Металл илектеу зауытының бас прокатшысы Қайсар Ақпанов пен оның кураторы Евгений Ефименко сұрыптау станогының өнімділігін арттыру жобасын ұсынуда.ZFV_1061
– Мен қорғап отырған жобамның мән-мағынасы мынада: диаметрі 25, 35 және 100 мм келетін болат шарларды шығармас бұрын өнімнің бастапқы өлшемін 120-дан 150 мм-ге ауыстырғым келеді. Яғни, осы арқылы уақыт пен қуатты үнемдеуге болады, – дейді Қайсар.ZFV_1207
Әділқазылар әр қатысушыны егжей-тегжейлі тыңдап, жобаға қатысты сұрақтарын жаудырып жатты. Себебі, әр жұмысқа қойылатын талап та, жауапкершілік те үлкен. Сарыбай кен басқармасының жетекші инженері Ержан Әзімқалиевтың «Сарыбай кенішінің шығыс бортын қайта құру» туралы идеясы, әсіресе, әділқазылар тарапынан терең талқыланды.ZFV_1028
– Алдын ала есеп бойынша жоба жүзеге асса жылына 1,5 млрд теңге пайда түсіп, кеніштің пайдалану мерзімі 2 есеге дейін артпақ. Яғни, Сарыбай кенішінің шығыс бөлігін игеру арқылы қосымша 44 млн.тонна темір кенін өндіріп, оның тереңдігін 500 метрге дейін жеткізуге болады, – дейді жоба авторы.
Конкурстың тағы бір қатысушысы Дмитрий Лепехинның Рудныйға келгеніне 1 жыл болған. Бүгінде ол – Жылуэлектр орталығының инженері. Сондықтан, пештердің жұмысы оған ете жақын. Жас маман өз білімі мен білігін пайдаланып, ғылымға тереңірек үңілсем дейді.ZFV_1448
– Идеямның басты мақсаты пешті жандыруға кететін шығынды азайту. Яғни пешті пайдаланғанда плазмалық-жағармай жүйесінің көмегімен табиғи газды біраз үнемдеуге болады, – дейді Дмитрий.
Конференция қорытындысы бойынша кәсіпорын басшысы Береке Сағатұлы қатысушылардың аяқалысына көңілі толғандығын айтып, жобалар бойынша өзінің бірнеше ұсыныстарын жеткізді. Конкурсқа түскен 6 жұмыстың 2-і қайта толықтыруға жіберілді. Қалған жобаларды өндіріске енгізу үшін мамандар бірнеше рет қайта қарамақ. Себебі бұл жерде тың идея ұсыну емес, оны нақты жүзеге асырып, еңбек өнімділігін арттыру – басты міндет.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓