Артық білім – кітапта
Бүгін Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктен – Мәңгілік елге» кітап көрмесінің ашылуы өтті.





-Бұл көрменің тақырыбының өзінің мәні зор. Мәңгілік елдің негізін қалау, іргесін берік ұстау – болашақ иелерінің, яғни, жастар, сендердің қолдарыңда. Ол үшін оқу, білімді болу керек. Кітапты көп оқыңдар. Адам кітаптан қол үзсе, дамуын, рухани баюын тоқтатады. Ал келешек иелері жан-жақты, өнер-біліммен қаруланған болуы керек, – деп сөз түйді профессор Қ.Жақып.

Шараға қатысушылар ғибратты әңгімелерге зейін бөліп қана қоймай, жас өнерпаздардың ән-күйін тамашалап, қошеметтеп отырды.
Мұнан соң жиылғандар назарына шебер А.Щепотьев орындаған Астана қаласының архитектуралық ғимараттардың үлгілері ұсынылды.

