Жаңа жинақ жарық көрді

Бүгін Л.Толстой атындағы ОҒӘ кітапханада «Торғай, Тобыл тоғысып…» атты әдеби шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Бұл кітапқа Қостанай облысы қаламгерлерінің соңғы жылдардағы поэзиялық, прозалық туындылары енгізілген. Оқырман жинақтан есімдері республикаға белгілі аға буын өкілдері мен жас авторлардың шығармаларымен таныса алады.IMG_0900
Тұсаукесерге Ғұмар Ахметшин, Серікбай Оспанов, Ақылбек Шаяхметов, Нағашыбай Мұқатов, Әсия Беркенова, Әлпия Орманшина бастаған ақын-жазушылар келіп қатысты. Жинаққа шығармалары енген кейінгі толқын өкілдері де орта толтырды. Шара аясында әдебиет айналасында, бүгінгі рухани ахуал төңірегінде келелі әңгімелер, пікір алмасулар өрбіді. Түйдек-түйдек ойлар, салмақты сындар, өткір көзқарастар айтылды. Мәжілісті әнші-сазгер Қалибек Деріпсалдин әнмен әрлеп отырды.IMG_0875
 
IMG_0880Көптен бері аға буынның төрт көзін түгел жинап, жастармен дидарластырған шара туралы, ортаға салынған ойлар жайлы толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓